«АТЫРАУ» ӘКК ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН БЕРДІ

«АТЫРАУ» ӘКК ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН БЕРДІ

Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган, мақсаты ҚР Үкіметінің қаулысы мен монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін объектілерді салуға жер учаскелерін берген "Атырау" ӘКК акционерлік қоғамының қызметінде заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілді.

"Атырау" ӘКК инвестициялық және инновациялық жобалар болып табылмайтын және Үкімет бекіткен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер, моншалар, автожуу және т.б. салу үшін жер учаскелерін бергені анықталды.

Осыған байланысты, 2022 жылдың 17 наурызында "Атырау" ӘКК атына күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға жататын әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді.

Аталған хабарлама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тергеп-тексеру тағайындайды.