БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚҰРАМЫН КЕҢЕЙТУДЕ

БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚҰРАМЫН КЕҢЕЙТУДЕ

Қоғамдық кеңестің құрамын кеңейту мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жаңа қатысушыларды сайлау бойынша қосымша конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті және (немесе) ұсыныс беру пошта немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар беруі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілер қоса беріледі);

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынады.

БҚДА-ның Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат жоғарыда көрсетілген 3) және 4) - тармақтарда көзделген анықтамаларды БҚДА-мен ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды өз бетінше немесе жазбаша келісімі арқылы талап етуіне ұсынады.

Кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға тиіс;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 26 сәуірге дейін.

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел 8 даңғылы,  Министрліктер үйі, 1 кіре беріс. Е-mail: s.zhunis@azrk.gov.kz.

Қосымша ақпаратты алу үшін 74-32-62 нөміріне хабарласыңыз.