
Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Қазақстанның газ желісі ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ның топтық резервуарлық қондырғыларды (ТРҚ) конкурстық рәсімдерді өткізбей бөгде ұйымдарға беру бөлігіндегі өтінішін қарау бойынша жұмыс жүргізді. Мемлекеттік органдар мен бөгде ұйымдардың материалдарына талдау жасай отырып, монополияға қарсы департамент «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің резервуарлық қондырғыларды конкурстық рәсімдерді өткізбей бөгде ұйымдарға беру фактілерін анықтады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының нормаларын бұзудың анықталған белгілері негізінде ТКШ бөлімінің атына нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын артықшылықтар беру практикасын тоқтату қажеттігі және алдағы уақытта осындай іс-әрекеттерді болдырмауы туралы хабарлама жіберілді. Хабарлама заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда монополияға қарсы Департамент тергеп-тексеру рәсімдерін бастауға құқылы.
ашық көздерден алынған фотосурет