
2022 жылғы 11 сәуірде Таншолпан Ерубайқызы Жанабаева Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Таншолпан Жанабаева 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін математика мұғалімі мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы лауазымынан бастап, 2012 жылға аталған бөлімнің басшысы болып тағайындалған. 2015 жылдан 2016 жылға дейін аталған Департаменттің - тауар нарықтарын талдау және мониторингі бөлімінің басшысы, 2016 жылдан 2017 жылға дейін - мемлекеттік органдарының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеп-тексеру бөлімінің басшысы болған. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, ал 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
Мемлекеттік қызмет өтілі 13 жыл. 2021 жылы «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төс белгісімен марапатталған.