АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ

АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин "TAV Kazakhstan" ЖШС және "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ басшылығымен кездесті.

Кездесуде Алматы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой әуежайды жаңғырту және кеңейту, оның ішінде жаңа жолаушылар терминалын салу бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобаны таныстырды. Қатысушылар әуежайдың перспективалары мен бәсекелестік мүмкіндіктерін, сондай-ақ авиаотынмен қамтамасыз ету нарығында ұсынылатын реформаларды талқылады. Атап айтқанда, бұрын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі авиакеросинді өткізу нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынылатын шаралар ретінде көтерген тікелей әуежайлардың авиаотынды өткізуіне ықтимал тыйым салу мәселесі. Тараптар бұл мәселені нарықтың барлық ойыншыларының мүдделерін ескере отырып талқылауға келісті.