
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті домофон жүйелерін орнату және оларға қызмет көрсету нарығына талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша «SECUR» ЖШС-сі осы нарықта үстем жағдайға ие екендігі анықталды. Монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шартта (көпбонентті кірме домофон жүйесі орнату бойынша) осы кәсіпорын орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғаннан кейін орындаушымен тұрғын үй қорын басқару, күтіп-ұстау және пайдалану, яғни домофондарға техникалық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу туралы Тапсырыс берушінің міндеттемесі белгіленді.
Аталған нарық субъектісінің бұл іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес монополияға қарсы заңнаманы тұтынушының өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүрлеріне сәйкес олардың келісімдеріне қатысы жоқ қосымша міндеттемелер қабылдауы арқылы келісім жасасуды күштеп таңу бөлігін бұзады.
Осыған байланысты, Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы Департамент «SECUR» ЖШС-не қатысты жоғарыда көрсетілген тармақты жою қажеттігі және алдағы уақытта мұндай іс-әрекеттерден аулақ болу керектігі туралы хабарлама шығарды,
Бүгінгі таңда «SECUR» ЖШС-сі Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің хабарламасын орындады.
ашық көздерден алынған фотосурет