АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ӨНДІРУШІ БӘСЕКЕЛЕСТІҢ БРЕНДІН ПАЙДАЛАНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ӨНДІРУШІ БӘСЕКЕЛЕСТІҢ БРЕНДІН ПАЙДАЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті дезинфекциялау құралдарын өндірушіге бәсекелестің тауар белгісін көшіргені үшін хабарлама шығарды.

Мұндай монополияға қарсы ден қою шаралары «Aibosept» дезинфекциялау құралын өндіруші «Айбо-Мед» ЖШС өтінішін қарау нәтижесінде қабылданды.

Кәсіпкердің мәлімдемесінде «Malida» ЖШС «Aibosept» тауар белгісімен мемлекеттік мекемелер үшін дезинфекциялау құралын өндіруді және жеткізуді жүзеге асырды, осылайша «Айбо-Мед» ЖШС тауар белгісін көшірген деп айтылды.

Өтінішті қарау барысында «Malida» ЖШС өзінің дезинфекциялау құралын өндіру кезінде «Айбо-Мед» ЖШС тиесілі «Aibosept» тауар белгісін қолданғаны анықталды. Бұл ретте «Malida» ЖШС-де осы тауар белгісіне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоқ.

Анықталған фактілер негізінде «Malida» ЖШС әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері, атап айтқанда, тауар белгісін көшіруі анықталды.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департаменті Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабы негізінде «Malida» ЖШС-не қатысты кәсіпорын әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды. Бұл хабарламаны «Malida» ЖШС орындап, бәсекелестің тауар белгісімен дезинфекциялау құралдарын шығаруды тоқтатты.

ашық көздерден алынған фотосурет