
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша «Grano-PV» ЖШС мен «Царская каша KZ» ЖШС-ға хабарлама шығарды.
Хабарлама шығаруға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингі негіз болды, оның нәтижелері бойынша 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында көтерме сауда өткізушілері қарақұмық жармасына бағаларды көтеруі белгіленді.
Өндірістің толық өзіндік құнының және «Grano-PV» ЖШС, «Царская каша KZ» ЖШС босату бағаларының динамикасын талдау нәтижелері бойынша қарақұмық жармасының өзіндік құнының өсу қарқынынан босату бағаларының өсуі байқалады. Павлодар облысының көтерме сауда жеткізушілері тарапынан қарақұмық жармасына бағалардың бір мезгілде және пропорционалды емес өсуінен көрінетін қарақұмық жармасын көтерме сауда өткізушілердің қолда бар мәліметтері мен мінез-құлқын алдын ала зерделеу бағаларды белгілеу және (немесе) қолдау бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер белгілерінің бар екенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға тыйым салынады.
Кәсіпкерлік кодекстің 199 бабы негізінде Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департартамент «Grano-PV» ЖШС мен «Царская каша KZ» ЖШС-ның атына әрекеттерінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерінің болуы және қарақұмық жармасына негізделген бағалар деңгейіне дейін төмендету арқылы оларды жою қажеттілігі туралы хабарламалар жолдады.
Хабарламаны орындау мерзімі – оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн. Хабарлама орындалмаған немесе толық көлемде орындалмаған, монополияға қарсы департамент белгілеген оның орындалу мерзімдері бұзылған жағдайда тергеп-тексерулі тағайындау үшін негіз болып табылады.
ашық көздерден алынған фотосурет