
Комитет жыл сайын мақсаты монополияға қарсы ведомстволар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қатысушылар арасында практикалық тәжірибе алмасу болып табылатын ЭЫДҰ орталығы жанындағы семинарларға қатысады.
2019 жылғы 22-24 қазан аралығында Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) ЭЫДҰ бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталығы (бұдан әрі – ЭЫДҰ орталығы) монополияға қарсы ведомстволарға арналған «Бәсекелестікке байланысты істерді тергеу кезіндегі түзетуші шаралар мен міндеттемелер» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында бірігу және сіңіру кезіндегі түзету шаралары, түзету шараларын қолдану саласы, сондай-ақ құрылымдық түзету шараларымен байланысты тәуекелдер, шет елдердің тәжірибесі, заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету және мониторингілеу, бәсекелестікке байланысты істерді тергеу кезіндегі түзету шаралары мен міндеттемелер талқыланды.
Семинарда тиісті түзету шараларын анықтау, шет елдердің тәжірибесі бойынша түзету шараларын енгізу мысалдарын талдау, (Ұлыбритания), Германияда бірігу және сіңіру кезінде түзету шараларын ситуациялық талдау, нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдалануды тергеу кезіндегі міндеттемелер: негізгі сәттер, конфигурация, міндеттемелер және жағдайды реттеу зерттелді.
Семинар барысында Францияның, Германияның, Ұлыбританияның, Хорватияның, Румынияның монополияға қарсы органдары бірігу және сіңіру кезіндегі түзету шаралары туралы тәжірибені, түзету шараларының қажетті элементтерін, жіктеуді және жүйелеуді, құрылымдық түзету шараларымен байланысты тәуекелдерді, мінез-құлықты түзету шараларын таныстырды, бұл ретте монополияға қарсы іс қарау практикасына ерекше назар аударылды.