БҚО БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚТҚ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ШЫҒАРУҒА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТАРИФТЕРДІҢ БОЛМАҒАНЫ ҮШІН НҰСҚАМА ШЫҒАРДЫ

БҚО БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚТҚ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ШЫҒАРУҒА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТАРИФТЕРДІҢ БОЛМАҒАНЫ ҮШІН НҰСҚАМА ШЫҒАРДЫ

       2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және әкетуге белгіленген тарифтердің болмауына байланысты "Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ атына нұсқама шығарды.

         2018 жылдың маусым айында БҚО Орал қалалық мәслихатымен қабылданған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бүгінгі күні күшін жойды. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне мәслихат шешімдерін дайындау кіретінін назарға ала отырып, БҚО бойынша монополияға қарсы департамент «Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-не мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді және Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту шараларын қабылдау қажеттілігі туралы нұсқама шығарды.

         Нұсқама оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға тиіс.

ашық көздерден алынған фотосурет