МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІ ЖОЙЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІ ЖОЙЫЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кедергілер жөніндегі кеңес отырыстарының бірінде осы шарттың бекітілген үлгілік нысанының болмауы себепті өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты құралының әрекетсіздігі туралы мәселе көтерілді.

Нарық субъектілері мемлекеттік сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз етудің осы түрін пайдалана алмады, бұл тауар нарығына кіруге кедергі болды.

2022 жылғы 23 ақпанда «Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы күшіне енді.

Енді «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 43-бабы 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда), түрінде таңдауға құқылы.

Осылайша, кәсіпкерлер нарығына кірудегі кедергілердің бірі жойылды.

ашық көздерден алынған фотосурет