
2019 жылғы 5-6 қарашада Алматы қаласында жыл сайынғы «Еуразиялық монополияға қарсы форум» халықаралық практикалық конференциясы өтті. Форум Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы ұлттық және трансшекаралық нарықтарды монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша сараптамалық қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің оң практикалық тәжірибелері және пікірлерімен алмасуға арналған халықаралық алаң болып табылады.
Форум жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссияның, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, Еуразиялық континент елдерінің монополияға қарсы органдарының, ғылыми топтардың, халықаралық деңгейдегі сарапшылардың, іскер қоғамдастықтардың, халықаралық ұйымдардың және т. б. өкілдері қатысты.
Қатысушылар бәсекелестікті қорғау мен дамытуды қамтамасыз етудегі соңғы үрдістер, монополияға қарсы ведомстволар мен Еуразиялық экономикалық комиссияның ұлттық және трансшекаралық нарықтардағы жұмыс тәжірибесі, монополияға қарсы заңнаманы бұзудан келтірілген залалдарды бұзғаны және өндіріп алғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселелерін талқылады.
Еуразиялық монополияға қарсы форумның миссиясы болып - монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдар мен бизнестің пікір алмасуы үшін халықаралық диалог алаңын құру арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайту табылады.