Етті көтерме саудада өткізушілердің іс-әрекетінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды.

Етті көтерме саудада өткізушілердің іс-әрекетінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды.

Ағымдағы жылғы 1 қарашада монополияға қарсы ведомство Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында сиыр етін 14 көтерме саудада жеткізушіге қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабында көзделген нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері белгілерінің бар екені туралы 10 хабарлама шығарды.

Хабарлама оны алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.

Статистика органдарының деректері бойынша, 2019 жылы ӘМАТ сиыр етіне бағалардың өсуі еліміз бойынша жыл басынан бастап 15,5%-ды құрады (Алматы қ. - 25,8%, Шымкент қ. - 24%, Түркістан қ. - 23,4%, Нұр-Сұлтан қ. - 13,4%).

Тұтастай алғанда республика бойынша сиыр еті нарығы ет (сиыр еті) өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын ұсақ нарық субъектілерінің көп санымен сипатталады.