
«NIVEA» антиперспиранттарын өткізушісі «Байерсдорф Қазақстан» ЖШС-нің «әлемдегі №1 даққа қарсы» мәлімдемесін монополияға қарсы орган тауар тұтынушыларын жаңылыстыратын белгі ретінде қарастырады.
Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің зерттеген мәліметтеріне сәйкес, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 182-бабына сәйкес көзделген ҚР монополияға қарсы заңнамасының көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама бөлігінде бұзылу белгілері анықталды.
Қорытынды бойынша «Байерсдорф Казахстан» ЖШС-не қатысты хабарлама шығарылды, ол алынған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде орындалуға тиіс.