
2019 жылғы 31 қазанда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында «Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Көлік комитетінің, ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференция барысында көмір жеткізу нарығындағы ағымдағы жағдай, коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасының динамикасы, мемлекет басшысының көмір нарығындағы келісімге қатысты тапсырмасы шеңберінде қабылданып жатқан шаралар айтылды.
«Көмір бағасын көтерудің негізділігін анықтау, өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін баға өсімінің толық баға саясатын анықтау мақсатында тауар биржаларына сұраныс жіберілді», - деп хабарлады төраға орынбасары Ерлан Әлжан.
Сонымен қатар, төрағаның орынбасары Ерлан Әлжан ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары туралы түсіндірді.