Лауазымды адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды

Лауазымды адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды

Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 163-бабының 1-тармағына сәйкес «ШҚО білім басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей, бәсекелестікті шектеуге (жоюға) әкеп соққан өнім берушіні таңдауды регламенттейтін, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізбей, бір көзден тікелей шарт жасасудан көрінген жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактісі бойынша «ШҚО білім басқармасы» ММ-не қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаймыз.