
Бүгінгі күні монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар қарастырылған.
Бұл ретте, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) сәйкес нарық субъектілерінің мұндай құқық бұзушылықтың қаржылық салдарларын азайту мүмкіндігі бар. Басқаша айтқанда, заңда «жеңілдікке» жол беріледі.
Тіркелген айыппұлдар бойынша қысқартылған өндіріс шеңберінде (ӘҚБтК-нің 810-бабы) әкімшілік өндірісті жасау фактісін таныған жағдайда мөлшерінде айыппұл төлеуге 50 % мөлшерінде жеңілдік алуға болады. Мысалы, OPPO KAZAKHSTAN LTD компаниясы (ОППО КАЗАХСТАН ЛТД) сауда желілерінің экономикалық қызметін үйлестіру фактісін мойындап, 1 262 500 теңгенің орнына 631 250 теңге мөлшерінде айыппұл төледі.
Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 56-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес сот кінәлі адамның өкінуін әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп тануы мүмкін. Сонымен қатар, аталған нормада оны төмендету шегі көрсетілмеген.
Мысалы, «Полимедиа» үшін өкінуі және кінәсін толық мойындағаны, сондай-ақ бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанына байланысты, сот әкімшілік айыппұл мөлшерін 30%-ға 9 883 988 теңгеден 6 918 792 теңгеге дейін қысқартты.