
2019 жылғы 25 қазанда Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бәсекелестікті адвокаттау және Комитеттің негізгі жұмыс бағыттарын түсіндіру мақсатында Қызылорда облысының «Болашақ» университетінің студенттеріне «Бәсекелестікті дамытудың негізгі жолдары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында монополияға қарсы ведомстваның қызметкерлері бәсекелестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.
«Мемлекеттің қолданыстағы саясаты квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесін қысқартуға бағытталған, ол өз кезегінде кәсіпкерлікті дамыту және қолайлы бәсекелестік ортаны құру үшін негіз болады» - деп атап өтті Е. Қ. Казигулов.
Және де студенттер монополияға қарсы органның құқықтары, міндеттерімен және ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаларымен танысты.
Атап айтқанда, Департамент қызметкері Б. Амангелдиевпен монополистік қызмет, үстем немесе монополиялық жағдай, жосықсыз бәсекелестікті анықтау бойынша түсініктемелер берілді.