
2021 жылы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырысы бойынша «Мемлекет иелігінен алу үшін экономика секторларын анықтау және олардың басымдылығын анықтау үшін секторалдық талдау жүргізу әдіснамасын әзірлеу» тақырыбында зерттеу жүргізілді.
Зерттеу шеңберінде «секторалдық талдау» деп әкімшілік-аумақтық бөліністі ескере отырып, экономиканың белгілі бір секторы шегінде мемлекет қатысатын барлық заңды тұлғаларды бір мезгілде қарауды көздейтін әдістеме түсініледі.
Бұл әдісті қолданған кезде нарықтық шоғырлану деңгейі салық шегерімдері негізінде жанама әдіспен есептеледі. Нарықтың жағдайына байланысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әрбір санаты үшін сатудың өз нұсқалары көзделген.
Әдістемені қолдану жекешелендіру процесінің ашықтығын және мемлекеттік органдардың мемлекет иелігінен алу жөніндегі саясатты іске асыруы кезінде тәсілдердің біркелкілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Агенттік әдістемені нормативтік құқықтық акт деңгейінде бекітуді 2022 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды, атап айтқанда Кәсіпкерлік кодекстің 196-бабының 11-тармағын іске асыру шеңберінде жүзеге асырады.
Бұған дейін Алматы мен Ақтөбеде әдіснама апробацияланды, осы жұмыстың қорытындысы бойынша 66 мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру бойынша ұсыныстар берілді. Бұдан басқа, облыстық және республикалық маңызы бар барлық қалаларда (25 субъект) абаттандыру, күзет және стоматологиялық қызметтер секторларына мемлекеттің қатысуын толық болдырмау бойынша жалпы ұсыным берілді.
Бұл әдіснамамен Агенттіктің сайтында танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/282121?lang=ru
ашық көздерден алынған фотосурет