
Комитеттің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізуші (С1 санаты) «Бегимбаев Ж.» ЖК-нің азық-түлік тауарларын бөлшек сатушыларға объективті түрде ақталған себептерсіз әр түрлі бағаларды қолданғаны үшін хабарлама жіберілді.
Хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174-бабы 2) тармақшасына сәйкес нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлі бағаларды қолдану сияқты әрекеттеріне тыйым салынатынын еске саламыз.