
Атырау облысы бойынша департаментімен «Азмуханова» ЖК және «TransTehInternational» (бренд Дәулет НАН) ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына 2019 жылғы 18 қазанда өткен брифингте бірінші сортты (формалық) бидай ұнынан алынатын нан бағасының алдағы көтерілуі туралы жария мәлімдегені үшін 2 алдын ала ескерту жасалды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабына сәйкес тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.
Егер ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын жиынтығында қанағаттандыратын болса, оның ішінде егер нарық субъектілерінің мұндай іс-әрекеттері олардың біреуінің жария мәлімдемесіне немесе олардың бірінің осындай іс-әрекеттердің жасалғаны туралы ақпаратты жария орналастыруына байланысты олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болса, іс-әрекеттер келісілген деп танылуы мүмкін.
ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында жазбаша алдын ала ескерту жіберілді.
Бәсекелестікті шектейтін іс-әрекеттер жасалған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.