Монополияға қарсы органмен хабарламаны орындамағаны үшін әуежайға қатысты тергеп-тексеру басталды

Монополияға қарсы органмен хабарламаны орындамағаны үшін әуежайға қатысты тергеп-тексеру басталды

Хабарламаны орындамауына байланысты монополияға қарсы органмен «Өскемен аэропорты» АҚ-на қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі туралы, үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру басталды.
Бұрын, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментпен тұтынушылардан (жүк алушылар мен жүк жөнелтушілерден) пошта-жүк терминалының қосымша қызметтері үшін ақы белгілеу және алу бойынша бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.
Осы хабарлама заңда белгіленген мерзімде орындалмаған.