
2019 жылғы 17 қазанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен Агенттіктің өкілдері Атырау облысы активімен өткізілген кездесуге Комитеттің Атырау облысы бойынша Департамент басшысының м.а. А.Е.Набиева қатысты.
Кездесудің басты мақсаты - халықпен, мемлекеттік қызметшілермен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу, жергілікті жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының тиімділігімен танысу, арнайы мониторингтік топтың жұмысын, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын насихаттау.