
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабының 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жосықсыз бәсекелестікке көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама жатады.
Атырау облысы бойынша департаментімен «Идеал Маркет» ЖШС-нің мекен-жайына сатылатын тауарлардың бағасына қатысты көрінеу жалған және анық емес жарнаманы интернет-сайтта орналастыру және тарату белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды. Осы хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтерудің алдын алу және уақытылы жолын кесу мақсатында Атырау облысы бойынша монополияға қарсы органмен Атырау облысы бойынша әкімдігінің, Атырау ӘКК, сондай-ақ өңірдің сауда саласы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында нарық субъектілері сауда саласындағы кәсіпорындардан алынған мәліметтер бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу тұрғысында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, монополияға қарсы ден қою шаралары туралы хабардар етілді.
«ҚР Кәсіпкерлік Кодексі бағаны көтеру, ұстап тұру, және де олардың экономикалық қызметін үшінші тұлғаның үйлестіру бөлігінде нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салады» деп Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган атап өтті.
Бұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылданбаған жағдайда монополияға қарсы тергеп-тексеру басталатын болады.