«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС атына техникалық келісім жасасудан негізсіз бас тарту фактісі бойынша хабарлама шығарылды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС атына техникалық келісім жасасудан негізсіз бас тарту фактісі бойынша хабарлама шығарылды

Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті «АМӨЗ» ЖШС атына әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) сұйытылған мұнай газын құбыржолдары арқылы айдау тәртібі туралы техникалық келісім жасасудан негізсіз бас тартудан көрінген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды.
Хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
Департаментпен Атырау облысының жергілікті географиялық шекарасындағы құбырлар арқылы сұйытылған мұнай газын қайта айдау жөніндегі қызметтердің тауар нарығын талдау шеңберінде сұйытылған мұнай газын құбыржолдары арқылы қайта айдау тәртібі туралы техникалық келісім жасасудан негізсіз бас тарту белгілерін анықталды, бұл тиісті тауар нарығында бәсекелестікті шектеуге және жоюға әкеп соғады.