
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысының аумағындағы автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай отынын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны арттырғаны үшін сегіз бөлшек газ өткізушіге нұсқама шығарды.
Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің атына "Әділдік жолы" РҚБ-нен мемлекеттік сатып алуға қатысқан бірқатар ЖҚС тарапынан сұйытылған газдың шекті бағасын арттыру бойынша әрекеттеріне қатысты келіп түскен өтінішінде баяндалған мәліметтерді талдау нәтижесі нұсқаманы шығаруға негіз болды.
Белгілі болғандай, кейбір ЖҚС 2022 жылдың қаңтарда Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы автогазды литріне 51,07 теңгеден бастап 110,0 теңгеге дейінгі бағамен сатуға бірқатар мемлекеттік кәсіпорындармен шарт жасасқан.
Мысалы, "Техком-Газ" ЖШС литріне 56 теңге, "АЗС - Лидер" ЖШС - литріне 61,01 - ден 80 теңгеге дейін, "CityGazService" ЖШС-литріне 110 теңге бағамен СМГ-ды сатуға шарт жасаған.
Автогазды сатуға шекті бағаны көтеру бөлігінде бұзушылықтарды тоқтату нұсқамасы "Техком-Газ" ЖШС, "Темір" ЖК, "СтройГазЗапад" ЖШС, " City Gaz Service " ЖШС, "Сатурн Лимитед" ЖШС, " Real Газ Energy " ЖШС, "Айжариков Самат Алтайұлы" ЖК және " АЗС - Лидер " ЖШС-не қатысты шығарылды.
Нұсқаманың орындалу мерзімі-оны алған күннен бастап 7 жұмыс күні. Ол орындалмаған немесе толық көлемде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы департамент белгілеген орындау мерзімдері бұзылған жағдайда айыппұл салуға негіз болып табылады.
ашық көздерден алынған фотосурет