
Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2,5% майлылығы (жұмсақ орамада) пастерленген сүтті көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелес ортаның жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша нарық субъектісінің қызметінде жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды.
Осылайша, сүт орамасында тұтынушылар үшін анық емес ақпарат білінді, сүттің екі түрі «2,5%; 3,2%» көрсетілген.
Монополияға қарсы органмен сүтті өткізушінің атына оның әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді, хабарлама алынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
Хабарлама орындалмаған жағдайда субъектіге қатысты тергеу тағайындалады.
Сонымен бірге, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында, Департаментпен Ақтөбе облысының шекарасында ұн мен нанды көтерме саудада өткізудің тауарлық нарықтарындағы бәсекелестік жағдайын бағалау мақсатында талдау жүргізілуде.