«Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департаментімен іс-әрекеттерінде нанға баға белгілеу белгілерінің бар екендігі туралы 5 шаруашылық субъектілеріне хабарлама жолданды»

«Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департаментімен іс-әрекеттерінде нанға баға белгілеу белгілерінің бар екендігі туралы 5 шаруашылық субъектілеріне хабарлама жолданды»

Щучинск қаласының шекарасында бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған (формалы) нан (бұдан әрі - Нан) тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау және өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес талдау нарығында 5 пайыздан астам үлесі бар 5 шаруашылық субъектілерінің мекен-жайына олардың іс-әрекетінде нан бағасын белгілеу бойынша ҚР бәсекелестікті қорғау саласында заңнамасын бұзу белгілерінің бар болуы туралы хабарламалар жолданды.
Егер нарық субъектілері он жұмыс күні ішінде Нан бағасын белгілеу және (немесе) ұстап тұру бойынша әрекеттерден бас тартпаса, монополияға қарсы органмен кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау үшін тергеу басталады.
Сонымен қатар, келіп түскен Ақмола облысының бір аудан тұрғындарының ұжымдық өтінішіне сәйкес Департаментпен бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілуде.
Жүргізілетін талдаудың толықтығын қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы орган Ақмола облысының мүдделі тұрғындары мен кәсіпкерлерін Департаментке кіру кедергілері, сондай-ақ көрсетілген тауар нарықтарында бәсекелестікке кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін өзге де мән-жайлар немесе іс-әрекеттері туралы бар ақпаратты жіберуін сұрайды.