
Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйі мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсу негізділігін анықтау, Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕНУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттің тұрақтандырушы рөлін сақтай отырып, нарықтық институттар мен құрылымдардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің тапсырмасын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жедел жұмыс аясында өткізілді
Баға өсуінің себептерін анықтау мақсатында Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарықтарына талдау жүргізеді, оның нәтижелері туралы Ақмола облысының тұрғындары мен кәсіпкерлері бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар болады.
Пікірталас барысында кеңеске қатысушылар мал азығының, жанар-жағар май материалдарының қымбаттауы, субсидияларға қолжетімділіктің әркелкі болуы және т.б. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың деңгейіне әсер ететін негізгі факторларды талқылады.