Комитетте «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

Комитетте «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінде (бұдан әрі - Комитет) Комитет төрағасы Рустам Ахметовтің басшылығымен келісу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) отырысы өтті.
Отырыста «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына (бұдан әрі – КПО Б.В.) және «Демтек Солюшнс» ЖШС-не қатысты тауар нарығына қол жеткізуді шектеу бөлігінде тік келісімнің белгілері бойынша тергеу нәтижесінің қорытынды жобасы қаралды (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы).
ҚПО Б. В. өтініші бойынша комиссия отырысының қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бірауыздан лауазымды тұлғаларға жоғарыда көрсетілген тергеуді тоқтатуды ұсыну туралы шешім қабылдады.