
2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінде (бұдан әрі - Комитет) Комитет төрағасы Рустам Ахметовтің басшылығымен келісу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) отырыстары өтті.
Отырыста «Жайықмұнай» және «Болашақ-Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты персонал қызметтерін ұсыну шартының тиімсіз талаптарына байланысты шартты жасамау бөлігінде бәсекелестікке қарсы сатылас келісім белгілері бойынша тергеу нәтижесінің қорытынды жобасы қаралды (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы).
«Жайықмұнай» ЖШС және «Болашақ-Атырау» ЖШС өтініштері бойынша комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен лауазымды тұлғаларға жоғарыда көрсетілген тергеуді тоқтатуды ұсыну туралы шешім қабылданды.