
Тауар нарығында жозықсыз бәсекелестік сияқты ұғым бар, ол заңсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе беруге бағытталған, оның мәні бәсекелестіктің заңдары мен нормаларын бұзу болып табылады.
Жосықсыз бәсеке түрлеріне жатады: (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану, басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану, бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу, нарық субъектісінің беделін түсіру, көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама, мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу), бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру, сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру, нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру, сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық, сатып алушының қызметкерін сатып алушылық, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану).
Бұл ретте, монополияға қарсы орган жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатынын хабарлайды.
Мысалы, монополияға қарсы орган ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 199-бабының 1-тармағына сәйкес «Миронов Александр Владимирович» ЖК атына бөтен бейнені заңсыз пайдаланудан көрінген жосықсыз бәсекелестік белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдады. Хабарлама көрсетілген мерзімде толық көлемде орындалды.