
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс – әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесінің қызметін тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті.
Осыған орай, 2019 жылғы 15 қазанында Бәсекелестікті қорғау және дамыту Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері арасында «Адалдық – ардың ісі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік қызметтегі кіршіксіз, адал қызмет ету ол әдеп кодексінің әрбір талаптарын қатаң сақтаумен қатар, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстаумен жүзеге асатындығын аталып өтті. Шара барысында баяндамада бүгінгі күнге дейінгі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар барысы туралы, және де адам бойында болуы тиіс асыл қасиеттер: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім туралы ойлар қозғады.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан – дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
Шара соңында қызметкерлер шараның өту барысына оң баға беріп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.