
Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Петропавл қаласының, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдіктеріне және «Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» КММ (бұдан әрі-Басқарма) қолданыстағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі–МК) қызметін талдау қорытындылары бойынша бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерді жасауға нұсқамалар шығарды.
Талдау барысында, қолданыстағы МК жарғыларына қолданыстағы заңнамада көзделмеген, жеке кәсіпкерлік субъектілері бар қызмет түрлері енгізілгені анықталды.
Нұсқамаларда Департамент Петропавл қаласының, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдіктеріне және Басқармасына бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерді жасауды, оның ішінде қолданыстағы заңнамада көзделмеген қызмет түрлері бойынша МК шарттарын жасауды тоқтату, медициналық ұйымдарда дәрілік препараттарды және медициналық тағайындаудағы бұйымдарды бөлек саудада өткізуді жүзге асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерді тарту мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ МК жарғыларын қызмет түрлері бөлімінде, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдауды нұсқама берді.
Әкімдіктер мен Басқарма нұсқамалардың орындалуы туралы Департаментке 2019 жылғы 5 желтоқсанға дейін хабарлауы қажет.