Тұрғын үй құрылысы нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері

Тұрғын үй құрылысы нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері

«Тұрғын үй құрылысы нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін факторлардың бірі болып нарыққа кірудің жоғары талаптары (лицензиялар санаттары, жұмыс тәжірибесі талаптары), үлестік құрылыс үшін қаражат тарту кезінде заңнамалық түрде қарастырылған алаңы 60 мың м2 кем емес жұмыс тәжірибесінің қосымша талаптары, 3 жылдан астам жер учаскелерін игермеу фактілері бар пайдаланылмайтын жер ресурстарына қолжетімділіктің болмауы» - деп атап өтті сарапшылар жұмыс тобының отырысында.
Коммерциялық тұрғын үй құрылысы нарығы негізгі ойыншылардың үлесін сақтау үрдісімен сипатталады, бұл нарықты монополияландыру тәуекелдерін көрсетеді.
Жұмыс тобының отырысы барысында тұрғын үй құрылысы нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған ұсынымдар қалыптастырылды:
- лицензияларға қойылатын біліктілік талаптарын төмендету мәселесін пысықтау (ұйымның жұмыс тәжірибесі қызметкердің жұмыс тәжірибесіне ауыстыру);
- лицензияланатын қызмет түрлерінде үлестік құрылыс кезінде техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптардың жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша талаптарды алып тастау мәселесін пысықтау;
- тұрғын үйдің (ғимараттың) қаңқасы салынғанға дейін үлескерлердің ақшалай қаражатын тарту жөніндегі талаптарды болдырмау мәселесін пысықтау);
- құрылыс объектісін жер кадастрының дерекқорына енгізу/енгізбеу туралы ақпаратты автоматты түрде енгізу бойынша ұсынысты пысықтау;
- пайдаланылмайтын учаскелерді алып қою арқылы жер учаскелеріне түгендеу жүргізу.