
Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті «Прима Дистрибьюшн» ЖШС-не қатысты, үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша, күнбағыс майын сату кезінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген объективті ақталған себептерсіз нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен бірдей келісімдерге әр түрлі бағаларды немесе әртүрлі шарттарды қолдану бөлігінде тергеу жүргізуде.
Сонымен бірге, ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, оның ішінде монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды ұстап тұруды анықтаған кезде, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркілене отырып, табыстың (түсімнің) 3% - дан 5% - ға дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осыған байланысты, монополияға қарсы орган нарық субъектілерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз баға белгілеуге жол бермеу туралы, сондай-ақ оларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін өзге де шарттар туралы ескертеді.