
Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) МКК, МКҚК нысанындағы коммуналдық меншік субъектілерінің қызметіне талдау жасалды. Нәтижесінде, қызмет түрлері «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңнамаға сәйкес келмейтіні анықталды.
Осыған орай, Департаментпен 2019 жылғы 2 қазанда жергілікі атқарушы органдарға (МКК, МКҚК - «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ, «Маңғыстау облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасы» ММ, «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» ММ) қатысты іс-әрекеттерде ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы 12 хабарлама шығарылды.
Хабарламаларды орындау мерзімі 2019 жылғы 15 қазан.