
2019 жылғы 7 қазанда Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің талдау бөлімінің басшысы Д. Н. Альмагамбетовамен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне «Монополияға қарсы реттеу негіздері» тақырыбында дәріс оқылды.
«Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатынын» Д. Н. Альмагамбетова түсіндірді.
Дәріс барысында, жаңа нормативтік – құқықтық актілерді қабылдаумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгертулер туралы толық баяндалды, сондай-ақ Департаментпен барлық қоғамды тарту жолымен, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда көрсетілген мәселелерді іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылатыны атап өтілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің еліміз үшін басты басымдық болып табылады.