
2019 жылғы 3 қазанда Өскемен қаласы МӘС-нің ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 159-бабының 1-тармағымен көзделген, «InterLink» ЖШС-ны сауда-саттықта бағаны ұстап тұру бөлігінде, ұйымдастыру техникаларын мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласуға қатысуға кінәлі деп тану туралы қаулысы жарияланды.
Бұған дейін хабарланғандай, Өскемен қаласы МӘС-нің қаулысымен «Фирма NEW DAY» ЖШС-і ұйымдастыру техникаларын мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласуға қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.
Өскемен қаласының МӘС-нің қаулысына сәйкес монополиялық табысы 1 585 906 теңге сомада тәркіленіп, сотпен салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 270 783 теңгені құрайды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.