
Ысқақов Арсен Бейсембайұлы ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Арсен Ысқақов 2004 жылы мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2017 жылы «менеджмент» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірді.
Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау және реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2008 жылдан 2014 жылдың наурыз айына дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Отын-энергетика кешенін, қаржы нарықтарын және өзге де салаларды талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы, отын-энергетика кешенін талдау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау және біріктіру департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Қаржы нарығы және өзге де салалар саласындағы тергеу басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.