
Джаппаркулов Асқар Абдисаттарұлы Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Асқар Джаппаркулов экономика және құқықтану саласындағы маманы. 2011 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша University of Leicester (Англия) қаржы экономика магистрі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2001 жылы жеке және мемлекеттік сектордың әр түрлі лауазымдарында жұмыс істей бастады.
Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Макроэкономикалық болжау және модельдеу басқармасының бас сарапшысы лауазымында жұмыс істей бастады.
2013 жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың қарашасына дейін Макроэкономикалық талдау және болжау департаменті Макроэкономикалық болжау және модельдеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2016 жылдың қараша айынан бастап Макроэкономикалық талдау және болжау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың қаңтарынан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау департаменті директорының міндетін атқарды.