ЕКІ ТАУАР БИРЖАСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

ЕКІ ТАУАР БИРЖАСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 13 қаңтардағы шешімімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Азия тауар-шикізат биржасы» АҚ қызметінің заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны мәжбүрлеп тарату туралы өтініші қанағаттандырылды.

Сот шешімі 2022 жылғы 22 ақпанда заңды күшіне енді, осыған байланысты, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 35-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде «Азия тауар-шикізат биржасы» АҚ 2019 жылғы 4 қаңтардағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына № 1000687 лицензиясының қолданысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, Заңның 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, лицензиаттың лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасағанына байланысты «Шығыс» Халықаралық әмбебап тауар биржасы» АҚ 2018 жылғы 5 қыркүйектегі тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына № 1000667 лицензиясының қолданысы тоқтатылды.

ашық көздерден алынған фотосурет