АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТАЛДАУ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бәсекелестік деңгейді айқындау, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылғы 9 ай кезеңінде дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізуде.

2022 жылғы 5 наурызда монополияға қарсы Департаментке дәрі-дәрмек сататын көтерме компаниялар тарапынан демпингке және «Зерде» ЖШС («Зерде» дәріханалар желісі), «Ак-ниет» ЖШС («Еврофарма» дәріханалар желісі) сияқты көтерме сауда компанияларының  дәріхана желілерін ашу жолымен нарықты монополиялауға қатысты дәріхана иелерінен ұжымдық өтініш келіп түсті.

Өтінішті қарау аясында монополияға қарсы департамент мамандары 10 наурызда Атырау облысы дәріханаларының өкілдерімен өтініште баяндалған  мәселелер бойынша мән-жайларды анықтау үшін кездесті. Кездесу нәтижелері бойынша фармацевтикалық нарықтағы жоспарлы талдау 2022 жылдың ақпан айын қоса алғандағы кезеңге ұлғайтылды. Осылайша,  талдау шеңберінде дәріханалардың өтінішінде көрсетілген барлық мәселелер қамтылатын болады.  

Талдау жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері, атап айтқанда ҚР Кәсіпкерлік Кодексімен тыйым салынған үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану, онымен қатар бәсекелестікке қарсы келісімдер және келісілген әрекеттер анықталған жағдайда Департаментпен бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады.

ашық көздерден алынған фотосурет