
2022 жылғы 2 наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Көлік прокуратурасымен,Өңірдің көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен, ҚТЖ-Жүк тасымалы ЖШС Семей бөлімшесімен, ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Департаментімен, Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп кірме жолдар иелерінің қызметін талдау бойынша кеңес өткізді. Қатысушылар "соңғы шақырым" мәселелері мен теміржол көлігі саласындағы заңнамадағы олқылықтарды талқылады.
Кеңесте әр түрлі кәсіпкерлердің проблемалары айтылды. Атап айтқанда, "ӘТЖК" ЖШС бағасы реттелмейтін, бірақ оларсыз негізгі қызмет көрсету мүмкін емес қызметтерді қоса алғанда, кірме жолдардың локомотивтік тартылыс қызметтерін көрсетеді. Бұл ретте "ӘТЖК" ЖШС 2021 – 2022 жылдары өз қызметтерінің бағасын төртінші рет көтеріп отыр.Кірме жолдың тармақ иеленушілері "Service СМУ" ЖШС қызметтерді шарт жасамай көрсетеді. Ал күнбағыс майын өндіруші "Май" АҚ іргелес жатқан кірме жолдарға құжаттаманы ресімдеу жөніндегі "ЦТС" АҚ әрекетсіздігіне байланысты вагондарды беру және жинау үшін № 10 жол арқылы пайдалануда үнемі қиындықтарға тап болады.
Кеңес қорытындысы бойынша кірме жолдар қызметін көрсету және вагондарды беру-алу және туындайтын мәселелерді жедел пысықтау кезінде темір жол көлігі саласында монополиялық жағдайға ие субъектілердің бұзушылықтарын болдырмау мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.