
OPPO KAZAKHSTAN LTD (ОППО Қазақстан ЛТД) компаниясы оған қатысты жүргізілген монополияға қарсы тергеу қорытындысы бойынша сауда желілерінің экономикалық қызметін үйлестіру фактісін мойындады.
Аталған іс-әрекеттердің нәтижесінде OPPO RX 17 Pro, 128GB, Emerald Green смартфонын сату бойынша Teshnodom, Sulpak, Мечта, Alser және FORA сауда желілері арасындағы бәсекелестік Қазақстан ЛТД ҚӨО ұсынған бірыңғай бөлшек сауда бағаларын белгілеу және қолдау мақсатында жойылды.
Ұсынылған бағалар сақталмаған жағдайда, ОППО Қазақстан ЛТД бонустардан айыру, тіпті тауарларды жөнелтуді тоқтатуға дейін шараларды жазбаша хабарлама түрінде қолданумен қорқытты.
Тергеу қорытындысы бойынша, сауда желілері тауарларға, оның ішінде үшінші тұлға ұсынатын бөлшек сауда бағаларын белгілеуге және қолдауға жол берілмейтіндігі туралы ресми түрде хабардар етілді.
Мұндай фактілер анықталған жағдайда ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті монополияға қарсы ден қоюдың тиісті шараларын қолданатын болады.