Жекеменшік теміржол тасымалдаушылар оларды жүк тасымалдау нарығына жіберуді сұрайды

Жекеменшік теміржол тасымалдаушылар оларды жүк тасымалдау нарығына жіберуді сұрайды

Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау нарығында дамымаған бәсекелестік байқалады. Сарапшылардың пікірінше, тең емес бәсекелестік жағдайлар, магистралдық желілерді, жылжымалы құрамды және тасымалдау процесінің басқа да негізгі құрауыштарын бір қолға біріктіру, нормативтік құқықтық базаның жетілмеуі жүктерді тасымалдау нарығындағы негізгі мәселелер болып табылады.
Бәсекелестікті дамыту мақсатында сарапшылар МТЖ операторының және тасымалдау қызметінің функцияларын бөлуді, жекеменшік тасымалдаушылардың бәсекелес нарығын құруды, тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тетігін заңнамалық деңгейде бекітуді ескеретін теміржол тасымалы нарығының жаңа моделін әзірлеуді ұсынды.
Жекеменшік теміржол тасымалы нарығын құру нарықтың бәсекелестігін қамтамасыз етуге, баға бәсекелестігі жағдайында ұлттық жүктерді теміржол тасымалдаушының шығыстарын оңтайландыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.