Нарықта тік компаниялардың болуы мұнай және мұнай өнімдеріне қолжетімділікті шектейді

Нарықта тік компаниялардың болуы мұнай және мұнай өнімдеріне қолжетімділікті шектейді

Монополияға қарсы орган мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы қызметтер нарығын талдау қорытындысы бойынша тік ықпалдасқан компаниялардың мұнай нарығында 60%-дан астамды, мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығында 80%-дан астамды және мұнай өңдеу нарығында 95%-дан астамды қамтитынын анықтады.
Негізгі тіке ықпалдасқан «ҚазМұнайГаз» АҚ және «СNPC» АҚ компаниялар тобы болып табылады, олар өз кезегінде мұнай өндіруден, оны қайта өңдеуден бастап АЖС-дан соңғы тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге дейін интеграцияланған.
Мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамыту үшін кедергі келтіретін негізгі проблемаларға, мұнайды тікелей жасалған шарттар арқылы өткізу, бастапқы шикізатқа тең емес қол жеткізу, өнімсіз делдалдардың болуы, ішкі нарыққа жеткізу жоспарын мемлекеттік реттеу жатады.
Осылайша, бәсекелестікті дамыту және мәселелерді жүйелі шешу мақсатында сарапшылар тауар биржаларында мұнай өнімдерін өткізу көлемдерін кезең-кезеңмен ұлғайтуды, биржалық сауда қағидаларын қатаңдатуды және мұнай жеткізушілердің биржалық саудаға көшуі мәселелерін зерделеуді ұсынады.