
2019 жылғы 30 қыркүйекте сағат 12.56-да «Қазақ телеграф агенттігі» интернет порталы «Қазақстанның монополияға қарсы органының қызметкерлері ҚМГ мен CNPC-ті мұнайға қолжетімділікті шектеуде деп айыптады» атты мақала жариялады.
Мақала атауында монополияға қарсы орган тарапынан ҚМГ және CNPC-ті мұнайға қолжетімділікті шектеуде деп айыптағаны туралы хабарланады.
Нарық субъектілерін тауар нарығына кіруді шектеуге айыптау монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактісінің болуын және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау қажеттілігін білдіретінін атап өткен жөн.
Сонымен бірге, монополияға қарсы органның баспасөз релизінде және жұмыс топтарында аталған компанияларға мұнайға қолжетімділікті шектеуге қандай да бір айып тағылған жоқ.
Мұнай және мұнай өнімдері нарығын талдау нәтижелері бойынша мұнай нарығында тіке ықпалдасқан компаниялардың болуы (қатысуы) мұнай өнімдерін жеткізушілер үшін мұнайға қолжетімділікті шектейтіндігі атап өтілді.
Осылайша, монополияға қарсы орган тарапынан ҚМГ және CNPC-ті айыптауы туралы ақпарат дұрыс емес болып табылады.