Тұтынушылар домофон жабдықтарын сатып алу мен қызмет көрсетуге жеке шарт жасауы тиіс

Тұтынушылар домофон жабдықтарын сатып алу мен қызмет көрсетуге жеке шарт жасауы тиіс

   Домофон жабдығын орнатуға жұмсалатын шығындардың көп бөлігін тұрғындар бір реттік бастапқы төлемдермен (пәтерден 3 мың теңгеге дейін) жабады және бір жыл ішінде толығымен өтейді, ал жабдықтың өзі азаматтардың меншігіне берілмейді, осылайша, оларға қызмет көрсететін компанияны ауыстыру мүмкіндігін жояды.
   Бұл жағдай тұтынушылардың домофондық ұйымдарды таңдау құқықтарына қысым жасауға алып келеді, сондай-ақ баға бәсекелестігін жоққа шығарады.
   Осыған байланысты, монополияға қарсы органмен заңнаманы өзгертуді, сонымен қатар домофон жабдықтарын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге жеке шарттар жасауды қарастыру ұсынылды.