
2019 жылғы 23 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Ахметов Рустам Нұрланұлы авиабилеттердің жоғары бағалары туралы БАҚ-қа түсініктеме берді.
Сұхбат барысында Комитет төрағасы «Эйр Астана» АҚ мен «Scat» авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты тергеуді бастауға негіз болған жағдайларды түсіндірді. Тергеу мерзімдері туралы монополияға қарсы заңнама нормаларын, жолаушыларды авиатасымалдау бойынша қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жағдайы туралы түсіндірме берді. Сондай-ақ авиатасымалдаушылар тарапынан авиабилеттерге бағалардың негізсіз өсуі расталған жағдайда Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы мәлімдеді.
Қорытындысы бойынша, Рустам Нұрланұлы тергеу нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігіне баға берілетінін хабарлады.